Біздің халық тарихи тағатты және біз тыныштық, тұрақтылық болса ғана даму, әл-ауқаттың артуы болатындығын түсінеміз - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Біздің халық тарихи тағатты және біз тыныштық, тұрақтылық болса ғана даму, әл-ауқаттың артуы болатындығын түсінеміз. Бүгін Ақордада отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз маслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Бұрыңғы кеңестік кеңістікте Қазақстанның жетістіктеріне ешқандай елдің қол жеткізбегендігін баса айтқан Елбасы жалпы ішкі өнімнің 1996 жылғы жан басына шаққандағы 700 доллардан 9 мың долларға, яғни 12 есе өсім көрсеткендігін баса айтты. Қазіргі таңда ел экономикасының жиынтық көлемі Орта Азия мен Кавказ елдерін қоса алғандағы көрсеткіштен де артық болып отыр.
«Барлық әлемде не болып жатқандығын өздеріңіз қараңыздар - дінаралық қақтығыстар, ұлтаралық қақтығыстар, қарапайым адамдардың қаны төгілуде. Бұндай Қазақстанда орын алған жоқ. Өйткені біздің халық тарихи тағатты және біз егер тыныштық, тұрақтылық болса ғана даму, әл-ауқаттың артуы болатындығын түсінеміз», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Солтүстік Африка елдерінде орын алып жатқан оқиғаларға тоқталған Н.Назарбаевтың пайымынша, аталған мемлекеттер өз экономикаларын 10, тіпті 20 жылға кейінге ысырып отыр.