Біздің қонуымызды бір күнге шегерген штаттан тыс жағдай өте күрделі болды - «Союз ТМА-18» экипажының командирі Александр Скворцов

nbsp;ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды әуежайында «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің экипажы - ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцовты, Михаил Корниенконы және НАСА астронавты Трейси Колдвелл-Дайсонды қарсы алу рәсімі өткізілді.
None
None

Журналистер сұрақтарына жауап берген экипаж командирі Александр Скворцов, ғарыш кемесінің қонуына кедергі келтіріп, оны бір күнге кейін шегерген штаттан тыс жағдайға түсініктеме бере кетті.

«Біздің қонуымызды бір күнге кейінге қалдырған штаттан тыс оқиға әрине күрделі болды, дегенмен біз оған дайын болуымыз керек», - деді ол. - Біз осы проблеманы дер кезінде анықтап, көп қиыншылықсыз оны орнына келтіруге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз».

Соңғы жаңалықтар