Біздің мақсатымыз - объективтілік пен осы елдің сайлау заңдары талаптарының орындалуын қадағалау - ТМД миссиясының басшысы С.Лебедев

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы миссиясы байқаушыларының басты мақсаты - объективтілік пен осы елдің сайлау заңдары талаптарының орындалуын қадағалау.

Біздің мақсатымыз - объективтілік пен осы елдің сайлау заңдары талаптарының орындалуын қадағалау - ТМД миссиясының басшысы С.Лебедев

Біз өзіміз бақылап отырған елдің сайлау жұмыстарынан кемшілік табуды мақсат етіп отырған жоқпыз»,-деді бүгін елордада ТМД миссиясы байқаушыларының басшысы Сергей Лебедев журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, ТМД миссиясы байқаушылары Қазақстанда 10 наурыздан бастап жұмыс істеуде. Байқаушылар Астана мен Алматыда және барлық облыс орталықтарында жұмыс істеп жатыр. «Біз сонымен қатар аумақтық сайлау комиссияларында жұмыс істейміз. Біз онда бірінші кезекте сайлау комиссияларының сайлауға дайындық жұмыстарын бақылаймыз. Миссия құрамында ТМД-ға мүше 9 елден 426 байқаушы бар. Олардың барлығы да тәжірибелі мамандар. Үлкен саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, сайлау комиссияларының мүшелері, дипломаттар. Олар өз міндеттерін талапқа сай атқара алады»,-деді С.Лебедев.