Біздің өсіп, жетілуіміз халықтың ауызбіршілігіне байланысты ? алқа мәжілісі

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Төтенше жағдайлар саласының өкілдері жергілікті жерлерге мүмкіндігінше жиі шығып, еңбекші қауыммен кездесіп, халықты аймақта қалыптасқан мәселелерді шешуге жұмылдыруы қажет.

Біздің өсіп, жетілуіміз халықтың ауызбіршілігіне байланысты ? алқа мәжілісі
Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров ведомствоның алқа мәжілісінде министрлікке қарасты мекеме қызметкерлеріне осындай міндеттер қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өздеріңізге мәлім, Елбасы Жолдауында қазіргі жағдайда елдегі әрбір мемлекеттік қызметкердің халық алдындағы жауапкершілігі ерекше екендігін атап көрсетті. Сонымен қатар, ол діттеген мақсаттарға жету үшін халықтың жұмылған жұдырықтай болуы қажеттігін айтты. Сіздер осы істерді тиісті деңгейде жүзеге асыруларыңыз қажет. Өйткені бұл тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты бағыт. Біздің өсіп, жетілуіміз -тұрақтылық пен халықтың бірлігіне байланысты», деді вице-министр. Оның айтуынша, бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде қоғам өкілдері қалыптасқан жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарағандары дұрыс. «Біз тек атқаратын шараларымызды үнемді түрде ғана емес, жедел түрде жүзеге асыра білуіміз керек. Ол үшін ұдайы, дамып, өсіп, жетіліп отыру қажет. Бізге тек дағдарысты еңсеріп қана қоймай, одан жаңа белестерді бағындыруға дайын болып шығу қажет», деді В.Петров.