17:54, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Біздің шешімдеріміз нақты статистикалық мәліметке негізделуі тиіс? К.Мәсімов
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Біздің шешімдеріміз нақты статистикалық мәліметке негізделуі тиіс. Бүгін Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде әлемдік экономикада қалыптасқан жағдай үнемі өзгеріп, құбылып отырады. Бұл құбылыс Қазақстанның экономикасына да өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан біз осы жағдайды бақылауда ұстап, ол туралы хабардар етіп отыратын арнайы жұмыс тобын құрдық. Оның жұмысында негізгі рөлді Статистика агенттігі атқарады. Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан экономикалық қауіп-қатерлерге дер кезінде жауап беріп, олардың алдын алу мақсатында біз нақты статистикалық мәліметке сүйенуіміз қажет. Ал біз қабылдаған шешімдер нақты статистикалық мәліметке негізделуі тиіс», - деді К.Мәсімов.