Біздің тарихымыз алдағы дамуымыздың берік тірегі болу керек - А.Барон
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің тарихымыз алдағы дамуымыздың берік тірегі болу керек, дейді Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шара аясында журналистерге пікір білдіре отырып «Мицва» еврей мәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ жетекшісі Александр Барон.
«Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау халқымыздың тарихын зерттеуде серпін беретін шара болды. Осы айтулы датаны тойлау арқылы тарихымыздың қадірін білдік, тарихымыз - біздің алдағы дамуыздың берік тірегі», - дейді А.Барон.
Оның айтуынша, бұл мерейтой Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына, мәнін арттыруға серпін берді.
«Ассамблея үшін, оның құрылымы мен философиялық мән-мағынасы үшін бұл датаның маңызы зор. Жалпы, біз алға басу үшін артқа бір зер салып, өткен тарихымыз бен оның берген сабағына көңіл бөлген дұрыс», - дейді ол.