«Біздің Украина» партиясы өзін-өзі таратып жіберді

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - «Біздің Украина» партиясының мүшелері оны таратып жіберу шешімін қабылдады.

«Біздің Украина» партиясы өзін-өзі таратып жіберді

Съезге қатысушы 289 делегаттың 267-сі бұл идеяны қолдады, алтауы қалыс қалса, екеуі қарсы пікір білдірді. Осыған байланысты барлық партиялық бөлімшелердің қызметі тоқтады.

«Біздің Украинаның» ХІІ съезінің шешімімен партияның құрылтайлық құжаттары, мөрі және туы «Киев-Могиляндық академия» Ұлттық университетінің «қызғыл-сары революциясы» тарихының мұражайына тапсырылатын болады.

Қалған сұрақтарды құрамына Петр Ющенко, Вера Ульянченко, Ирина Ванникова, Николай Онищук, Валентина Руденко және Зиновий Шкутяк енген жою жөніндегі комиссия шешетін болады. БАҚ-тардың жазуынша, елдің бұрынғы президенті Виктор Ющенко іс-шараға қатысуға келген жоқ.

Еске салайық, 9 ақпан күні «Біздің Украинаның» киевтік ұйымы Виктор Ющенконы партия қатарынан шығарып тастады. Кейін Ющенконың жақтастары экс-президент партияда қалатындығын, ал оның шығарылғандығы туралы жариялаған партияның саяси кеңесінің басшысы Сергей Бондарчук қызметінен босатылғанын мәлім етті.