Біздің жасампаз істеріміздің басты ресурсы өзара келісім - Премьер-Министр

АСТАНА.  20 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Осыдан 5 жыл бұрын Елбасы мені Үкімет басшысына кандидаттардың бірі ретінде таныстырғанда мен Елбасының көмекшісі болғанмын және болып қала беремін деп айтқан болатынмын.

Біздің жасампаз істеріміздің басты ресурсы  өзара келісім - Премьер-Министр

Мен осы сөзімді бүгін де қайталағым келіп отыр»,-деді бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мәжіліс депутаттарының өзіне сенім білдіргеннен кейін сөйлеген сөзінде.

Үкімет басшысының айтуынша, іс-қимылдардың келісілген түрде жүзеге асырылуы партиялардың өзара ынтымақтастықта қызмет етуі, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының күштерін Мемлекет басшысының жоспарларын жүзеге асыруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

«Яғни, біз алдағы уақытта бір-бірімізбен келісілген түрде жұмыс істеуіміз керек. Бұл біздің жасампаз істеріміздің басты ресурсы»,-деп атап көрсетті К. Мәсімов.