Бізге драматургияда көп эксперименттер керек ? Мұхтар Құл-Мұхаммед

АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Драматургияда бізге көп эксперименттер керек. Бұл бүгін Алматыда «Бүгінгі күн: қазақ драматургиясы және театр репертуары» деген тақырыпта өткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ІІІ пленумында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі әңгіменің бәрі классикалық театрдың деңгейінде ғана болды. Театр тек сонымен шектеле ме екен. Миниатюра, абсурд, бульварлы ән және Оңтүстік Шығыс Азияда қаулап келе жатқан жас театрлар, Қытай, Жапон театры сияқты ұлттық театрларды былай қойып біз өзіміздің әріптесіміздің қойылымына баруға ерінеміз. Сондықтан бізге көп эксперименттер керек. Мысалы «Отелланы» осы заманғы оқиға ретінде қоятын батыстың театрлары бар. Еуропада «Ромео мен Джулеттоны» бүгінгі заманның жастарының киімімен, музыкасымен қойылуда. Осындай эксперименттер бізде неге жоқ. Алғашқысы бар. Кеше Болат Атабаевтың «Қыз Жібегін» көрдім. «Қозы Көрпешті» сынағанымыз сияқты ертең сол қойылған кезде бәріміз жабылып сынаймыз. Ол режиссердің өзінің ізденісі. Болат Атабаев «Қыз Жібекті» бүгінгі заманның оқиғасына көшіреді. Осындай дүниелер болса, алдағы уақытта көмектесуге әзірміз», деді Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Ол әдебиетте бір ғана өлшем барын атап өтті. Ол - талант. Оларды шығармасымен ғана бағалау керек. Оны әуесқой, кәсіби деп бөлуге болмайды.
Соңғы жаңалықтар