Бізге Иранның, Пәкістанның киім үлгілерінің керегі жоқ - Бас мүфти

ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бізге Иранның, Пәкістанның киім үлгілерінің керегі жоқ.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі мәлім етті.

«Соңғы кезе қоғамды хиджаб мәселесі толғандырып жүр. Біздің аталарымыз, аналарымыз сыртын жалаңаш, кіндігін көрсетіп жүрмеген еді. Барлығы дініміздің талаптарына сай орамал тартып, кимешек, ұзын көйлек киді»,-деп тоқтала келе Бас мүфти, «бірақ біздің кейбір қыздарымыз Пәкістанның, Иранның киімдерін киіп алады. Біз бұл тұрғыда ұзақ ойландық. Яғни өркениетті жолмен бұны қалай шешуге болады деп зерделедік»,-деді.

Осы орайда ол жақында Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында «Әсем киім әйел көркі» атты байқау өткізілгенін жеткізді. «Оған көптеген модельерлер мен дизайнерлер қатысып, біздің мұсылман қыз-келіншектері киімдерінің үлгісін көрсеттік. Онда киім үлгілері ұсынылды. Енді бұл шараны жыл сайын ұйымдастырмақпыз»,-деді қажы.

«Бізге Иранның, Пәкістанның киімдерінің керегі жоқ. Біздің халқымыз өзіміздің әдеп-ғұрпымызға сай киінуі тиіс»,-деп түйіндеді басқарма төрағасы.

Соңғы жаңалықтар