Бізге мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын мінез-құлықтарының стандарттарын әзірлеу керек ? Сенат Төрағасының орынбасары

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бізге мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын мінез-құлықтарының стандарттарын әзірлеу керек.

Бізге мемлекеттік  қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын мінез-құлықтарының стандарттарын әзірлеу керек ? Сенат Төрағасының орынбасары
Бұл туралы бүгін Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Мемлекеттік басқару академиясының оқушыларымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның пікірінше, шенеуніктің бәрі бірдей емес. Барлық қызметшілерді бірдей парақор деп айыптау негізсіз, әділетсіз. Сонымен қатар бұл өте зиянды. «Сондықтан да елде мемлекеттік қызметшілер үшін әртүрлі жағдайларда тыйым салу шараларымен қатар шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын орнықтыруға орай арнайы ойластырылған көтермелеу шарасы қажет. Бұл ретте басты назар тыйым салу мен көтермелеу барысындағы тепе-теңдіктің сақталуында болуы керек. Басқаша айтсақ, Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралармен қатар қоғам өмірінің барлық саласындағы белсенділікті қамтитын ұзақ мерзімді жұмыстарды жүзеге асыратын кез жетті», - деді Сенат Төрағасының орынбасары.