Бізге SOS Қазақстанның балалар ауылдары сияқты мекемелерді дамытқан тиімді - Д. Назарбаева

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Біз үшін SOS Қазақстанның балалар ауылдары сияқты мекемелерді дамытқан тиімді.
None
None

Бүгін «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «SOS Kinderdorf International» халықаралық коры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева осылай айтты.

«Бұған дейін өткен бір конференцияда біз балалар үйі сияқты мекемелер мүлдем болмаса екен деп едік. Ал балалардың барлығы осы іспетті отбасыда (SOS Қазақстанның балалар ауылдары) тәрбие алса, қандай жақсы. Сондықтан біз, депутаттар, балалар ауылдары сияқты мекемелерді дамытуды барынша қолдайтын боламыз. Мен осы жердегі бір балаға жұмсалатын қаржы жайында да сұрадым. Сөйтсем, SOS Қазақстанның балалар ауылдарымен салыстырғанда, қарапайым балалар үйлерінде бір балаға кететін шығын бірнеше есеге қымбат. Сондықтан біз үшін SOS Қазақстанның балалар ауылдарын дамыту тиімді. Осымен айналысайық», - деді Д.Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар