Бізге жүктелген міндет те, жауапкершілік те өте жоғары - Астана әкімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған "Нұр Отан" партиясының бағдарламасын сапалы орындау ел бірлігін нығайтуға және экономикамыздың дамуына жаңа қарқын береді, деп есептейді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.
"Егемен еліміздің 25 жылдық мерейтойы алдында партия сьезін өткізу өте маңызды. Себебі бүгінгі сьез партия жұмысын бағалайтын жауапты шара. Мәжіліс пен Мәслиxат депутаттары сайлауын бірге өткізу өте орынды. Партия бағдарламасын сапалы орындау ел бірлігін нығайтуға және экономикамыздың дамуына жаңа қарқын береді. Сондықтан бізге жүктелген міндет те, жауапкершілік те жоғары болмақ", - деп атап өтті ол партия сьезінде.
"Сьезде біздің Президент ұсынған Партияның сайлауалды бағдарламасын қолдай отырып, біз, нұротандықтар, Қазақстанның жарқын болашағына жетудің жолын көріп отырмыз. Сондықтан біздің Президент тапсырған істерді және өзінің үлгі болуымен жүзеге асырып жатқан межелерді орындау аса жоғары құрмет деп есептейміз", - деді Астана әкімі.