Бизнес-иммигранттармен құқықтық қарым-қатынасты реттеу тетіктері жетілдіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бизнес-иммигранттармен құқықтық қарым-қатынасты реттеу тетіктері жетілдіріледі. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкімет бизнес-иммигранттармен құқықтық қарым-қатынасты реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша түзетулер әзірледі. Аталған түзетулер шетелдіктердің заңды тұлғаны тіркеу тәртібін, сонымен қатар егер, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалардың қатысушыларының құрамына кіру (қайта тіркеу) арқылы бизнес-иммигрант ретінде келуге визасы бар шетелдіктерді, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қатысу арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуды көздейді», - деп атап өтеді Қаржы министрі жауабында.
Ерұлан жамаубаевтың атап өтуінше, Үкімет регламентіне сәйкес, аталған түзетулер мүдделі мемлекеттік органдардың келісуіне жіберілген.