Бизнес-қауымдастығы алдағы сайлауда Н. Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтын болады - «Атамекен» одағы» ҰЭП төрағасы

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздің бизнес-қауымдастығы ағымдағы жылғы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына қолдау білдіретін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті.

«Біз Нұрсұлтан Назарбаевты - экономиканың нақты секторларын, өндірісті терең білетін, қатардағы қарапайым қазақстандықтардың, кәсіпкерлердің арман-мұратын түсінетін және оған әруақытта қамқор бола алатын адам деп санаймыз. Сонымен қатар біз дәл Н. Назарбаевтың өз еліне қызмет етуі жалғаса түсуі тиіс деп санаймыз. Ол заманауи дәуіріміздің заңғар тұлғасы. Сондықтан да, Президент денсаулығының арқасында, өзінде сондай мүмкіндіктер туып тұрған шақта еліне қызмет етуі керек», - деді А. Перуашев.

Сонымен бірге, ҰЭП төрағасының айтуынша, бүгінгі мәслихат арқылы қолдау білдіру бұл үгіт-насихат шарасы емес. «Дегенмен «Атамекен» одағы» алдағы президенттік сайлау барысында Н. Назарбаевтың кандидатурасын жалпы бизнес-қауымдастығы тарапынан қолдап отырғандығын қоғамға білдіргісі келеді», - деді А. Перуашев.

Соңғы жаңалықтар