Бизнес-құрылымдардың өкілдеріне арнап ішкі нарықты қорғау жөніндегі семинар өткізіледі

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – Бүгінде әлем елдерінде, оның ішінде, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі отырған Қазақстанда да, отандық тауар өндірушілерді қолдау саясаты белсенді жүзеге асырылуда.
Осындай шаралардың бірі - сауда саясатының құралы болып табылатын тауарларды импорттауда ішкі нарықты қорғау (демпингке қарсы және өтемақы жасау шаралары) әрекеті болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған орай мамырдың 12-сі мен 15-і аралығында -Астанада, ал мамырдың 21-інде - Алматыда Дүниежүзілік сауда ұйымының бірқатар келісімдері бойынша, дәлірек айтқанда қорғау, демпингке қарсы және ДСҰ аясындағы субсидиялар мен өтемақы шараларын қолдану мәселелеріне арналған семинар өтеді.
Соңғы жаңалықтар
telegram