Бизнес орталықта ұрлық жасағандар іздестіріліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері қаладағы бизнес-орталықтардың бірінде ұрлық жасаған екі ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бизнес орталықта ұрлық жасағандар іздестіріліп жатыр

Тәртіп сақшылары 25 қаңтар күні кешкі сағат 18:00-де әйел адамның ұялы телефонын ұрлап кеткен күдіктілерді іздеп жатыр.

Сонымен қатар, 24 қаңтарда кешкі 17:00 шамасында Петров көшесіндегі дүкендердің бірінде Астана  тұрғынының қолындағы сөмкеден  ақша ұрлаған күдікті іздестіріліп жатыр.

Астана ІІД аталған қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан «Алматы» аудандық ІІБ-ге келуін сұрайды немесе 8 (7172) 71-67-45 және 102 телефондарына қоңырау шалуын өтінеді.