14:58, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Бизнес үшін тағы бір маңызды талап енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, энергияны үнемдеуге қатысты талапты мемлекеттік бағдарламаға енгізу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде біз тағы бір жаңалықты енгізуді ұсынып отырмыз. Ол - мемлекеттік қолдауға ие болу үшін энергия үнемдеу шараларын өткізу талабы. Мәселен, қандай да бір кәсіпорын мемлекеттен қаржылай, я болмаса, басқа да көмек сұраса, энергияны үнемдеу бойынша нендей шараларды атқарғанын көрсетуі керек. Осы орайда, біз Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына тиісті өзгерістерді әзірлеп жатырмыз", - деді Ж. Қасымбек Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы аясында алдағы үш жылда жалпы ішкі өнімдегі энергия сыйымдылығын, кем дегенде, 25 пайызға төмендету қажет. Ал 2050 жылға дейін энергияны үнемдеу көлемі 50 пайызға жетуі тиіс.