Бизнесмен сатып алғанына 15 минут болған яхтасында жарылып кетті

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Бизнесмен сатып алғанына 15 минут болған яхтасында жарылып кетті. Періштесі қағып, тірі қалған бизнесмен кеме құрастыру компаниясын сотқа берді. Пол Уорд 450 мың АҚШ доллары сомасында өтемақы төлеуді талап етуде, деп жазды The Daily Mail.

Бизнесмен сатып алғанына 15 минут болған яхтасында жарылып кетті

Уорд Meridian 341 VIP яхтасын MGM Marine Ltd компаниясынан 400 мың АҚШ долларынан астам қаражатқа 2010 жылдың ақпан айында Саутгемптондағы кемелер көрмесінде сатып алған. Қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етілген екі жеке бөлмесі бар кеме кез келген теңізшінің арманы болуы мүмкін, деп жазды Утро. ру.

Кемені сатып алғаннан кейін Уорд және оның көмекшісі Джон Иннес кемені тексермек болып теңізге саяхатқа шыққан.

«Бәрі де жақсы болды. Джонға Шәй ішіп алғаннан кейін мен кеме жүрісін 16-ға дейін арттырамын дедім. Газды баса салысымен біртүрлі түсініксіз дыбыс шықты. Мен қозғалтқыш дұрыс жұмыс істемей тұр деп ойладым», - дейді бизнесмен.

Осыдан кейін кеме шырпы сияқты әп-сәтте жанып кетті. Яхташылар құтқару плоттарына қол соза бергенде, кубрик атылды. Уорд пен оның көмекшісінің шашы мен киімдері лаулап, жанып кетті. Дегенмен, ер адамдар үстерінде жанып жатқан киімдерін шешіп, суға секіріп кетті. 10 минут бойы құтқарушыларды күткен ер адамдар кеменің толығымен жарылып кетуін өз көздерімен көрді.  

Жағадағы күзет оларға көмек көрсетіп, судан алып шықты. Олардың беттерін және тыныс алу жолдарын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Отқа оранған кеменің иесі ендігіде кеме құрастыру компаниясынан кеменің құнын,  қорғаушылар мен дәрігерлерге кететін шығынды талап етіп, қайтармақ ниетте. Сондай-ақ Уорд психологиялық тұрғыда зардап шеккені үшін өтемақы талап етпек. Ол Ұлыбритания мен Еуропа және Азияда рок-группалардың теңіздегі гастрольдерімен айналысады.