Бизнесмен жеке үйді мәйітханаға айналдырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Ижевскі қаласында прокуратура жеке үйдегі мәйітхананы жапты. Бұл мәйітхана жерлеу қызметін ұсынатын агенттіктерді тексеру кезінде анықталды, деп хабарлады "Интерфакс".

Бизнесмен жеке үйді мәйітханаға айналдырған

Иесі бақилық болған соң үйдің жаңа қожайындары пайда болғаннан кейін көршілер олардың үй маңына екі құрылыс салғанын көрді, сондай-ақ бұл жерге жерлеу қызметін ұсынатын агенттік көліктерінің жиі келетінін байқады. 

Заң бойынша жеке үйді мәйітханаға айналдыруға болмайды. Сонымен қатар, мәйіттерді сақтау үшін кәсіпкер  ауаны ластайтын және адамдардың денсаулығына зиянды формальдегидті пайдаланған.

Іс Удмуртияның Жоғарғы сотына жеткеннен кейін ғана бизнесменге айыппұл салынды, ал мәйітхана жабылды.