Бизнестегі әйелдердің үлесі қанша

«Бұл мәселе біз үшін өте маңызды әрі ол әрдайым күн тәртібінде. Соңғы жылдары бірқатар тұжырымдамалық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бар. Бұл стратегия өз жұмысын аяқтап, 2030 жылға дейінгі жаңа гендерлік даму тұжырымдамасы қабылданды. ЕҚЫҰ-ның қолдауымен біз ерлер мен әйелдердің теңдігі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөнінде екі заң қабылдадық. Бұл заңдар жұмыс істеп тұр. Уақыт талабына сай оларға өзгерістер енгізіледі», - деді ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесуі кезінде Гүлшара Әбдіхалықова.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасындағы әйелдердің үлесі (әсіресе шағын және орта бизнесте) 50% құрайды. Парламент Мәжілісінде бұл көрсеткіш 27%, мәслихаттарда 22%-тен 30% -ке дейін жеткен.
«Елде әйелдер қоғамдық және саяси өмірде, экономикада, әлеуметтік салаларда жұмыс істей алатындай жағдай жасалған» - деді Мемлекеттік хатшы.