Бизнесті дамытуға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін 50 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру бағдарлама іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған бағдарлама инвестицияларға бизнестің қолжетімдігін жеңілдетуге және капиталды тікелей қаржыландыру құралын пайдалануды кеңейтуге бағытталған.

«Қазіргі уақытта отандық кәсіпкерлер несие құралдары шектеулі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Осы мәселелерді шешу үшін ҚКМ шағын және орта бизнестен ірі бизнеске дейін кең ауқымды кәсіпорындар үшін жаңа бағдарлама әзірледі. Бұл біздің елімізде іскер топтар арасында капиталға инвестициялау құралдарын пайдалануды кеңейтеді. Сонымен қатар, осыған дейін ҚКМ қарастырған әлеуетті жобалар да осы бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытты», - деді «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Ардақ Қасымбек..

Бағдарлама аясында қаржыландырудың шарттарына тоқталсақ, пайыздық мөлшерлеме жылына 8 пайызды құрайды. Инвестиция 10 жылға дейін беріледі және оның көлемі 5 млрд теңгені қамтымақ.

Осы орайда өндірісті, инфрақұрылымдық жобаларды және өнеркәсіптің басқа да бағыттарын қаржыландыру ескеріліп отыр. Бағдарлама екі бағыт бойынша жүзеге асырылады, яғни корпоративтік бизнесті қолдау, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту.

Соңғы жаңалықтар