Бизнесті заңсыз тексерген шенеуніктерге жазаны қатаңдату қажет - Елбасы

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бизнесті заңсыз тексерген шенеуніктерге жазаны қатаңдату қажет. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Индустрияландыру күні» барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Бизнесті заңсыз тексерген шенеуніктерге жазаны қатаңдату қажет - Елбасы

«Бизнесті заңсыз тексергені үшін шенеуніктерге жазаны қатаңдату бойынша шаралар қабылдау маңызды болып табылады. Бұл мәселеде Бас прокуратура өз міндетін әлі де болса аяғына дейін орындап отырған жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, ағымдағы жылдың 9 айының ішінде ғана 140 мың заңсыз тексеру жүргізілсе, соның жартысынан астамы жоспардан тыс, яғни мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалған ақпараты негізінде орын алған.