Бизнесті жүргізуде Орталық Азия мемлекеттерінің рейтингі әлемнің 185 елінің орташа рейтингінен айтарлықтай төмен - Дүниежүзілік банктің өкілі
Бұл туралы бүгін Алматыда жарияланған Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының «Бизнесті жүргізу 2013» рейтингі туралы бірлескен баяндамасында айтылды.
«Бизнесті жүргізудің қарапайымдылығы деңгейі жіктелімінде кіріс деңгейі жоғары ОЭСР елдерінің орташа рейтингі - 29. Ал бұл Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда - 73, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында - 86, Латын Америкасы мен Карибте - 97, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада - 98, Орталық Азияда -104. Оңтүстік Азияда - 121, сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка елдерінде - 140. Орталық Азия елдерінің салыстырмалы мықты құқықтық институттары болғанмен, кәсіпкерлік қызметті реттеу үдерістері күрделі және шығынды боп қалуда», - дейді Дүниежүзілік банктің жеке секторды дамыту жөніндегі аға маманы Адриан Гонсалес. Оның айтуынша, бизнесті жүргізудің қарапайымдылығы дәрежесі көрсеткішінде Сингапур 7 жыл қатарынан көшбасшы болып отыр. Үздіктер тізімін одан кейін Гонконг, Жаңа Зеландия, АҚШ, Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Грузия, Австралия, Финляндия, Малайзия, Швеция, Исландия, Ирландия, Тайван, Канада, Тайланд, Маврикий, Германия, Эстония, Сауд Арабиясы, Македония, Жапония, Латвия, БАӘ, Литва, Швейцария, Австрия, Португалия жалғастыруда. Адриан Гонсалестің сөзіне қарағанда, дегенмен бұл елдердің рейтингі барлық 11 өлшемде бірдей жоғары емес. Олар қандай да бір өлшемдегі жоғары балдары өзге өлшемдердегі көрсеткішінің төмен деңгейін толықтыруда. Мәселен, Сингапурдың халықаралық сауда өлшеміндегі рейтингі - 1, мүлік құқығы өлшемінде - 36. Егер ең жоғары 3 өлшемдегі рейтингі - 2 болса, ең төменгілердегі орташа көрсеткіші - 20.