Бизнестің дамуы елдің тұрақтылығын әлеуметтік және саяси жағынан қамтамасыз етеді - Жолдыбалина
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі Елбасының арнайы мәлімдемесінде біз әрі қарайғы еліміздің дамуымыздың стратегиялық басымдықтарының анықталғандығын көрдік, деп мәлім етті «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының аға сарапшысы Алуа Жолдыбалина.
Сарапшының пікірінше, ел дамуының стратегиялық басымдықтарының үш бағыты анықталған.
«Біріншіден, өзіміз көріп отырғандай, қазіргі әлемдік шынайылылықта, бірқатар жетекші мемлекеттің саяси және экономикалық өзгерістерге әр мемлекет өзіндік жауап қатады. Сол себепті, жаһандық әлемдік өзгерістерге байланысты біздің экономикамыздағы біраз негізгі басымдықтарын өзгертіп, анықтау қажет болды
Екіншіден, бүгінгі үндеудің негізгі бағыты - экономика басым екендігі көрінді. Бұрында біз экономикада шикізатқа басымдық берсек, ендігі кезекте индустриялық, инновациялық бағыттарға назар аудардық. Яғни осы салалар арқылы экономикалық өсімді агроөнеркәсіп, инновациялар саласы бізге өсім беру керек.
Үшіншіден, арнайы мәлімдемеде келтірген экономикалық өсімге әсер ететін, халықтың әл ауқатын көтеруге мүмкіндік беретін бұқаралық кәсіпкерлік саласы болады. Мемлекеттегі шағын және орта бизнестің дамуы елдің тұрақтылығы, әлеуметтік жағынан болсын, саяси жағынан болсын қамтамасыз етеді. Сол себепті, арнайы мәлімдеменің форматы да бөлек болғанын атап өту керек», - деді Алуа Жолдыбалина.
Айта кетерлігі, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы арнайы мәлімдеме жасады. Онда Елбасы 31 қаңтарда бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқына Жолдауы жария етілілетінін мәлім етті.