Бизнестің өркендеуіне жағдай жасау үшін 66 заң актісіне өзгерту енгізіледі
«Заңдар бойынша айтсақ, өзгерістерді талап ететін шамамен 66 заң актісі анықталды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін өткен жылы үйреншікті әрі тексерілген тәсіл ұсынылды. Аталған тәсіл бойынша реттеудің әрбір саласындағы жұмыс топтары түзетулер әзірлеп, Ұлттық экономика министрлігіне жинақтауға жолдайды. Қазіргі таңда министрлік бірыңғай пулды қалыптастыру үшін 15 сала бойынша түзетулер жинақтап алды, 17 сала бойынша түзетулер әлі күтіліп отыр», - деді ол.
Министрдің айтуына қарағанда, түзетулердің бірыңғай пулы әзірленіп, мақұлданғанан кейін Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізіледі.
«Осыған байланысты мемлекеттік органдарға жұмыс тобының мүшелерімен кодекстерге/заңдарға өз түзетулерін жедел пысықтауды тапсыруды және олардыи жинақтау үшін бiр аптаның iшiнде Ұлттық экономика министрлігіне ұсынуды, сондай-ақ құзыреті бойынша заңға тәуелді актілерге түзетулер енгізуді қамтамасыз етуді сұраймын», - деді Ұлттық экономика министрі.