Бизнестің сәйкестендіру нөмірі - бизнес үшін жасалған зор жеңілдік - Әділет министрлігі

аусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бизнестің сәйкестендіру нөмірі арқылы азаматтар тиісті органдарға артық құжаттар тапсыру машақатынан құтылады.

Бизнестің сәйкестендіру нөмірі - бизнес үшін жасалған зор жеңілдік - Әділет министрлігі

Заңды тұлғалар банктен есеп ашып, немесе несие алатын болса, әлде қандай да бір байқауларға қатысатын болса, оларға міндетті түрде құжаттарының көшірмелерін өткізулері қажет болатын. Ол дегеніңіз бір бума қағаз. Ал бизнестің сәйкестендірілген нөмірі арқылы кәсіпкерге тек мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігін өткізу ғана қажет болады. Бүгін www.bnews.kz порталы арқылы өткен он-лайн конференцияда Әділет министрлігінің Тіркеу комитеті төрағасының орынбасары Венера Калимова осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік тіркеу туралы құжатта бизнестің сәйкестендіру нөмірі болады. «Бұл бизнес үшін жасалған зор жеңілдік болып есептеледі. Алайда, меніңше, ол заңды тұлғалардың тізімін жүргізетін мемлекеттік органдар үшін де қолайлы. Оның үстіне, бұрын әр мемлекеттік органда өзінің сәйкестендіру мәліметтер базасы болатын. Бүгін жалғыз бизнесті сәйкестендіру нөмірі ғана көптеген мәселелерді шешеді», деді комитет төрағасының орынбасары.