«Бизнестің жол картасы-2020» аясында 70 млрд теңге бөлінді - ОҚО

«Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікке ерекше мән беріліп келеді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 25 мыңнан астам кәсіпкер қолдауға ие болды. 2,9 млрд теңгеге 724 жоба қаржыландырылды. 2 919 кәсіпкер рұқсат қағаздарын алуда қолдау тапты. 4 941 адам кәсіпкерлік мектептерінде білім алды. «Бизнестің жол картасы-2020» аясында 144 жобаны жүзеге асыруға 70 млрд теңге бағытталған. Бұл өз кезегінде 1 213 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етті», - деп мәлім етті әкім орынбасары.
Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 8 айында екінші деңгейлі банктер арқылы 27,7 млрд теңге несие берілді. Жалпы облыс бойынша, шағын және орта кәсіпкерлікте жүрген адамның саны 2016 жылдың бірінші тоқсанында 331 мың адамға жетті. 2016 жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері облыста 154,8 млрд теңгеге өнім шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 37 пайызға жоғары.
«Ең маңызды бағыттардың бірі - инвестицияларды тарту. Жылдың басында «Оңтүстікинвест-2016» xалықаралық инвестициялық форум өтті. Форум барысында ОҚО әкімдігі ҚР-дағы Беларусь Республикасының Елшілігімен меморандум жасады. Аталмыш құжаттың аясында биыл сауда-экономикалық қарым-қатынастарды орнату мақсатында Беларусь өңірлері - Минск пен Могилев облыстарын аралау жоспарлануда. Сонымен қатар Ресейдің өңірлік әкімшіліктерінің қолдауымен ОҚО әкімдігінің РФ өңірлері - Мәскеу, Санкт-Петербор, Липецк, Калужский, Ивановский аймақтарына іскерлік сапарлары жасалды. РФ облыстарында таныстырылым жасау мақсатында жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторларлың қатысуымен кездесулер өтті. Нәтижесінде өңірде жалпы құны 2 млрд АҚШ доллары шамасында шетел инвестициясы тартылып, 24 жоба жүзеге асырылмақ. Жалпы жыл басынан бері инвестициялар көлемі 207,9 млрд теңге болды», - дейді Ұ. Сәдібеков.