«Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» біріктіріледі

кәсіп
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары біріктіріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған салаларды дамыту үшін министрлік „Бизнестің жол картасы“ және „Қарапайым заттар экономикасы“ бағдарламаларын біріктіруді көздейтін Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бағдарламасының жобасын әзірледі. Жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар үшін жүзеге асырылады», — деді министр.

Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, шағын және орта бизнес жобаларын субсидиялау жөніндегі жаңа тәсілдер нарықтық жағдайларға кезең-кезеңімен көше отырып, субсидияның сараланған әдісін көздейді 

«Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында қарсы міндеттемелер күшейтілді. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпорындарды іріктеу үшін кіріс базалық өлшемшарттар белгіленді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кепілдік беру құралы ең тиімді шара болып саналады және бизнестің басты проблемасын — банк алдындағы кепілдердің жетіспеушілігін шешеді. Субсидия құралынан кредиттер бойынша „Даму“ қорының кепілдіктерін кеңейтуге біртіндеп көшу көзделеді», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар