БҚО: 78 жастағы кейуананы тонаған жігіт қолға түсті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында үйге басып кіріп, кісі тонаған тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 маусым күні сағат 01.00 шамасында Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылында болған.
Белгісіз біреу тұрғын үйдің есігін бұзып кіріп, 1940 жылғы әйелді пышақпен қорқытып, 3 мың теңге ақшасы мен ұялы телефонын жымқырып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа күдікті 1989 жылғы Г. деген тұрғын анықталып, ұсталды.
Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.