БҚО әкімдігі православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда православие дінінің өкілдері Рождество мейрамын атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Құтқарушы Христ храмына келгендерді облыс әкімінің міндетін атқарушы Арман Өтеғұлов өңір басшысының атынан құттықтап, елімізде тыныштық пен бейбітшілік, ұлтаралық және дінаралық келісімнің салтанат құра беруіне тілектестігін білдірді. Елбасы ел бірлігі - біздің басты байлығымыз екендігін үнемі айтып келеді. Осы орайда Рождество православие дініне сенетіндердің басын біріктіретін ізгілік мейрамы ретінде тойланады. Сондықтан Мәңгілік елге жету жолында адамгершілік құндылықтарын насихаттаудың маңызы зор.
Рождество мейрамына орай діни шаралар қаланың басқа да шіркеулерінде, бірқатар аудандарда өткізілді.