БҚО әкімі басшылық қызметтер атқарған Е.Әжібаевты қабылдады

ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат -  14 наурыз күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде басшылық қызметтер атқарған Есберген Әжібаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты қабылдады.

БҚО әкімі басшылық қызметтер атқарған Е.Әжібаевты қабылдады

Облыс басшысы өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтың еселі еңбегіне ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.

Есберген  Әжібайұлы алғашқы еңбек жолын туған жері Жаңақала ауданында қарапайым жұмысшыдан бастаған. 1972 жылы Саратов малдәрігерлік институтын тәмамдап, облыстың ауыл шаруашылығы саласында қызмет етті. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Сырым ауданын басқарды. 2000 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасында   лауазымды қызметтер атқарды.

Е.Әжібаев ел алдындағы еңбегін ескеріп, құрмет көрсеткені үшін облыс басшысына ризашылығын білдірді.