БҚО әкімі жазушы Қайыр Құрақұланға құрмет көрсетті

ОРАЛ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев 13 наурыз күні қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайыр Құрақұланды (Қайыр Бектұрғанов) 75 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті.

БҚО әкімі жазушы Қайыр Құрақұланға құрмет көрсетті

Облыс басшысы Қайыр Құрақұланды үлкен жазушы ретінде білетіндігін айтып, жылы лебізін білдірді.

Кездесуде қазіргі әдебиеттің тыныс-тіршілігі, жазушылар кітабын баспадан шығару және оқырманға жеткізу мәселелері сөз болды. Айталық, Қайыр Құрақұлан әлі екі кітапқа жетерлік дүниенің бар екендігін, бұл шығармалар орталық баспалардан жарық көрсе деген тілегін жеткізді.

Қайыр Құрақұлан - 1982 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген кітаптардың авторы. 1976 жылы «Ат жалы» повесі үшін «Жалын» баспасының республикалық жабық бәйгесінде жүлдегер атанған жазушы.