БҚО әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз меркесімен құттықтады

ОРАЛ.KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев әр салада қызмет етіп жүрген әйелдерді 8 наурыз меркесімен құттықтады. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

БҚО
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірдің 5 азаматшасы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Атап айтқанда олардың ішінде, елімізге белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы — Ақұштап Бақтыгереева, білім саласының үздігі — Светлана Бисембаева, БҚО Теректі ауданының әкімі Әлия Мұхамбетжанова, «Конденсат» АҚ бас директоры — Нурия Муфтиеева, «Балзия» ЖШС директоры — Балзия Евенеева бар.

Орал
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, 2 азаматша ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның алғыс хатымен марапатталды. 32 әйелге өңірді дамытуға өз үлестерін қосқаны үшін БҚО әкімінің алғыс хаты табысталды.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөзінде әйелдердің қоғам өміріндегі белсенділігін атап өтті.

«Мықты біртұтас ұлт, саяси тұрақты мемлекет құру жолында әйелдердің рөлі ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ана мен бала мәселесі басты назарда екенін айтты.​ Азаматтық секторда 600 астам қоғамдық ұйымдар, партиялар, этномәдениорталықтар жұмыс атқарса, құрамында 60%-ы әйел азаматшалар. Қазіргі таңда мемлекеттік кызметте гендерлік құрамы жылдан жылға өзгеруде. Облысы​зда 3 514 мемлекеттік қызметшілер жұмыс атқарады, оның 58 пайызы қыз балалар мен әйел адамдар. Олар үлкен жауапкершілік танытып, халыққа адал еңбек етуде. Экономикамыздың негізі болған — шағын және орта бизнесте қәсіпкер әйелдер 53,1 пайызды құрайды» — деді облыс әкімі.

Орал
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, аймақ басшысы Нариман Төреғалиев орта және шағын кәсіпкерлік саласындағы әйлдер қауымын арнайы барып құттықтады.

​Облыс орталығында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көптеген мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Соңғы жаңалықтар