БҚО әкімі Дубайда топ жарған Кабирхан тұлпардың иесін қабылдады

ОРАЛ. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Дубайда топ жарған Кабирхан тұлпардың иесі, кәсіпкер Тілек Мұханбетқалиевті қабылдады.

Кабирхан
Фото: БҚО әкімдігі

Облыс басшысы Тілек Мұханбетқалиевті үздік арғымақ баптап, әлемдік додада жеңіске жетуімен құттықтады.

«Бұл — барша Қазақстанның табысы. Еліміздің көк туы кезекті рет әлемдік аренада асқақтап, мерейіміз үстем болды. Бұл жеңіс өңірімізде, жалпы елімізде ат спортының дамуына серпін береді» - деді Нариман Төреғалиев.

Орал
Фото: БҚО әкімдігі

Тілек Мұханбетқалиев аймақтағы ат спортының дамуына қолдау көрсетіп отырғаны үшін облыс басшылығына алғыс білдіріп, биыл Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында БҚО атынан бәйгеге сәйгүлік қосуға дайын екендігің жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Кабирханның Дубайда өткен жарыста тағы да топ жарғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар