БҚО әкімі Нариман Төреғалиев референдумға қатысып, дауыс берді
ОРАЛ. KAZIFORM – Бүгін республика аумағында жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бір ғана БҚО-ның өзінде 500-ге жуық учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы төртінші реферндум.
Соңғы жылдары елдегі электр энергиясын тұтынуға деген сұраныстың артуы себепті халықты үздіксіз энергия көзімен қамту мәселесі қаралып жатыр.
Сол үшін халық «елге атом электр станциясы қажет пе, жоқ па?» деген сұраққа жауап береді. Бүгінгі референдумға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев те қатысып, дауыс берді.

Журналистерге қысқаша ғана сұқбат берген аймақ басшысы БҚО-ның өзінде электр энергиясының тапшылығы сезілетінін айтты.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық референдум комиссиясы 496 учаскелік комиссия жұмыс жасап жатыр. Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 07.00-де басталды. Батыс Қазақстан облысында барлығы 496 учаске жұмыс жасап жатыр.
Референдум күні энергетик шаңырақ көтерді.