БҚО әкімі өңірдегі су басқан жерлердегі жұмыспен танысты

АСТАНА. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Зашаған кентіндегі су басу қаупі бар шағын аудандарға, Саратов тас жолындағы су арнасы жүйесіне, сондай-ақ, Орал қаласының ескі орталық көшелерінде болды.

Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және коммуналдық қызмет саласының мамандарына – қар, жаңбыр суларын уақытылы шығару, жолдарды бөгеу, қапшықтармен құм төсеу, су арналары мен құбырларды тазалауды тапсырды.

Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, бүгін 2024 жылғы 26 наурыз күні облыс аумағында және Орал қаласында жауын-шашын тоқтаусыз жауып тұр. Осыған байланысты, жаңбыр және еріген қар суы жердің жібімеуіне, яғни тоңның қалың болуына байланысты, жерге сіңбей тұрғын үйлерді су басу қаупі туып тұр.

көшені су басты
Фото: БҚО әкімдігі

Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу бойынша арнайы облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев шаһардағы су басқан қауіпті аумақтарды өз көзімен көріп, тиісті жұмыстарды күшейтілген режимде атқаруды тапсырды. Өз сөзінде облыс әкімі аталған жұмыстарды қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

су басты
Фото: БҚО әкімдігі
су тасқыны
Фото: БҚО әкімдігі
су басты
Фото: БҚО әкімдігі
су сорғызу
Фото: БҚО әкімдігі
анон
Фото: БҚО әкімдігі
Соңғы жаңалықтар