БҚО ауылдарының ветпунктпен қамтылу көрсеткіші 50 пайызға жетпейді

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы ауылдарында 147 ветеринариялық пункттің 71-і өз ғимараттарымен қамтылған.

Ветпункт простаивает в Павлодаре
Фото: Артем Викторов/Kazinform

БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтің айтуынша, 76 ветпунктке ауылдық округтер әкімдіктерінде бөлме берілген. Жалпы, облыс бойынша ауылдардың ветпунктпен қамтылу көрсеткіші – 48 пайыз.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы 4 ветеринариялық пункт салынса, биыл Шыңғырлау, Сырым, Тасқала және Бәйтерек аудандарында тағы 7 ғимарат пайдалануға берілді.

- Жаңадан салынған ветеринариялық пункттер вакциналар мен биопрепараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштар, хирургиялық жиынтық, термочемодан, компьютер сынды құралдармен толықтай жабдықталған. Жыл соңына дейін қосымша жаңадан 21 ветпункт іске қосылады, - деді А.Бралиев.

Оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта облыста ветеринариялық іс-шараларды Орал қалалық және 12 аудандық ветеринариялық станциялар атқарады. Ветеринариялық станциялар құрамында 147 ауылдық ветеринариялық пункт бар.

- Штаттық құрылымда 824 қызметкер болса, соның 643-і – ветеринар мамандар, 181-і – әкімшілік қызметшілер. 2022 жылдан бері ветеринар мамандардың еңбекақысы кезең-кезеңмен өсті. 2023 жылдан бастап мал дәрігерлеріне патогенді биологиялық агенттермен жұмыс үшін 50 пайызға дейін қосымша еңбекақы және еңбек демалысына шығу кезінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Қазір ветеринар дәрігер еңбек өтіліне қарай орташа есеппен 309-320 мың, фельдшер 244-256 мың, санитар 160-190 мың теңге жалақы алады, - деді басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 3 ірі қара малдан құтыру ауруы табылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум