БҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасына Хамза Есенжановтың есімі берілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №827 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хамза Есенжановтың есімі берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қазіргі Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында 1908 жылы дүниеге келген Хамза Есенжановтың басты шығармасы - «Ақ Жайық» трилогиясы. 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, жиырма жылға жуық сталиндік қуғын-сүргіннің азабын тартқан қаламгер аталмыш кітабын түрмеде жатқанда қайыңның қабығына жазып, көпшік тысына салып, сақтаған. Бостандыққа шыққаннан кейін трилогияның бірінші кітабы 1957 жылы, екіншісі 1959 жылы, үшіншісі 1965 жылы жарық көрді. Ақ Жайық өңіріндегі өткен ғасырдағы  қазан төңкерісінен кейінгі тұтас дәуірді шынайы бейнелеген осынау туынды үшін авторға 1967 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді. Жазушы сталиндік зұлмат кезеңнің шындығынан хабар беретін «Ағайынды Жүнісовтер» романын да жазды. Жазықсыз қуғындалып, түрмеде тартқан азаптың салдарынан Х.Есенжанов 1974 жылы Алматыда өмірден озды.
null  

Аталмыш кітапхана бұдан бұрын орыс жазушысы Аркадий Гайдардың есімін иеленген болатын. Руханият орталығына Хамза Есенжановтың атын беру туралы ұсыныстың жасалғанына біраз болғанымен, ресми түрде бекітілмей келген еді.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына Ақ Жайықтан түлеп ұшқан тағы бір тарлан талант, КСРО және Қазақстан халық әртісі Хадиша Бөкееваның есімін беру туралы да көптен айтылып келеді. «Алдағы жылы Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл толмақ. Осыған орай театрға атақты актрисаның есімін беру туралы Үкіметке ұсыныс берілмекші», деді бұл жөнінде «ҚазАқпарат» тілшісіне облыс әкімі Алтай Көлгінов. 

null null  

Соңғы жаңалықтар