БҚО: Батыс Қазақстанда ауа райының бұзылатыны жөнінде тағы да ескерту жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, жылдың алғашқы күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Орал қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын хабарлады.




Соңғы жаңалықтар