БҚО-да 11 тонна тоқыма бұйымдары тиелген жүк көлігі өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 11 тонна тоқыма бұйымдары тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да 11 тонна тоқыма бұйымдары тиелген жүк көлігі өртенді

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 қыркүйек күні Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылы маңында болды.

«Сағат 14.21-де 1971 жылғы өзбекстандық азамат айдап келе жатқан DAF жүк көлігі отқа оранды. Автокөлік 11 тонна тоқыма бұйымдары тиелген тіркемесімен қоса жанып кетті. Өртті сөндіруге 10 адам 3 техникамен қатысты. «Тілсіз жау« сағат 15.44-те оқшауланып, 17.02-де толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік 4 жылқыға соғылып, 5 адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда балалар үйінен қашқан 2 жеткіншек іздестіріліп жатыр.