БҚО-да 13 ауыл тұрғыны эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Батыс Қазақстан облысында 13 ауыл тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бүгін Бөрлі ауданы "Ақсай-Богдановка" жергілікті маңызы бар автожолында Пролетарка ауылынан 7 шақырым жерде балшық массасында 2 жеңіл автокөлік тұрып қалды.
Құтқарушылар жүру қабілетін жоғары техникамен 13 адамды, оның ішінде 2 баланы Ақсай қаласына эвакуациялады.