БҚО-да 135-ке жуық мемлекеттік қызметкер жетіспейді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен бітірген және орташа балл жинаған жас кадрларды конкурстан тыс жұмысқа орналастыру қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
None

«Мен айтқан негіздегі жас мамандар конкурстық процедураларды өткізбей-ақ аудандық ауылдық әкімдіктерде төменгі лауазымдарға орналаса алады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда облыста 135-ке жуық мемлекеттік лауазымдар бос тұрғанын еске салғым келеді, - деді Байсалов.

Ол екі жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы мемлекеттік қызметкерлерге де таралып келе жатқанын атап өтті. Ауылда жұмыс істегісі келетіндер көтерме және басқа да жеңілдіктер ала алады, бірақ олар кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.


Соңғы жаңалықтар