БҚО-да 146 автокөлік қар құрсауында қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 146 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 174 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 94 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

Өңірде 5 қаңтардан бастап бұрқасын көтеріліп, боран соқты, тұман түсіп, көктайғақ болды.

Ескертуге қарамастан, жолға шығып кеткен көліктер қиын жағдайға тап болды. Мысалы, 15 қаңтар күні сағат 11.52-де Орал-Атырау жолының 261-шақырымында Ақжайық ауданыАтамекен ауылы тұсында жолдан түсіп кеткен Volvo жүк көлігі тазартылған жерге шығарылды. Сол күні сағат 17.15-те Самара-Шымкент жолының 442-шақырымында Сырымауданында жолдан тайып кетіп, тіркемесі аударылып қалған Scania көлігіне сондай жәрдем берілді.

16 қаңтар күні сағат 15.00-де Орал-Ақсай жолында Теректі ауданы Долинный ауылы маңында «МАЗ» көлігіжолдан түсіп кеткен. Оны сағат 22.00-де өз күштерімен жолға шығарған. Сағат15.45-те Орал-Тасқала жолының 58 және 65-шақырымдарында 15 жеңіл көлік пен 2 «Газель»(салонда 59 адам болған) көлігіне көмек көрсетілді.

17 қаңтар күніТасқала-РФ шекарасы жолының 66-шақырымында 6 жеңіл көлік пен «Жедел жәрдем»көлігі (25 адам) қар құрсауында қалып, шығарылды

Соңғы жаңалықтар