БҚО-да 17 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Дариян ауылында 28 шілдеге қараған түні қанды оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауылдағы «Аққу» кафесінің маңынан 17 жасар қыздың мүрдесі табылды.
Аудан әкімі Асхат Шахаровтың сөзіне қарағанда, қызбен бірге жүрген 20 жасар күдікті анықталып, ұсталды.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Марқұм биыл ғана мектеп бітірген екен.