БҚО-да 2 649 млн. теңгені құрайтын 421 нысан жария етілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2014 жылдың 1 қыркүйегінен биылғы 30 қарашаға дейін мүлікті жария ету жөніндегі комиссияларға жалпы құны 3 718,9 млн. теңгені құрайтын 655 өтінім (соның 311-і тұрғынжайлар, 344-і тұрғын емес жайлар бойынша) түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО қаржы басқармасы коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Жеңіс Нығметуллиннің айтуынша, соның ішінде  2 649 млн. теңгені құрайтын 421 нысан (181-і тұрғынжайлар болса, 240-ы - тұрғын емес коммерциялық орындар) жария етілді. 1 026,0 млн. теңгені құрайтын 161 өтінім кері қайтарылды. 73 өтінім биылғы жыл соңына дейін қаралып, тиісті шешім қабылданатын болады.

Жария етілген нысандардың орташа құны - 6,3 млн. теңге.

Аталмыш науқан барысында мүлікті жария ету бойынша түсінік алу үшін 6155 азамат комиссияларға жүгінді.

«Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 41-қадамында мүлік пен қаржыны заңдастыру рәсімдерін оңайлату, қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделгені белгілі. Осыған орай биыл мүлік пен қаржыны заңдастыруды реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізілді. 2014-2015 жылдары облыс бойынша 248 мүлік жария етілсе, биыл 9 желтоқсанға дейін 173 мүлік жарияланған. Жыл аяғына дейін тағы 73 өтінім қаралатындығын ескерсек, заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін тұрғындар белсенділігінің артқанын байқауға болады. Әсіресе, осы науқанға жергілікті халықтың белсенді қатысуын жеткілікті деңгейде ұйымдастырған Бөрлі, Қазталов, Сырым аудандары мен Орал қаласы әкімдіктерін атап өтуге болады. Ал Жаңақала, Бөкей ордасы және Қаратөбе аудандарында мүлікті жария ету бойынша ең төменгі көрсеткіштер тіркеліп отыр», деді Ж.Нығметуллин.

Соңғы жаңалықтар