БҚО-да 2 жасар баланың дәріден уланып өлмегені анықталды - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 жасар Алдияр Амангелді антибиотик дәрілерден уланбаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау департаментінің брифингінде Батыс Қазақстан облысының бас педиатры Айнаш Ғұбайдуллина мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
None
None

Батыс Қазақстан облысының бас педиатрының айтуынша, Бөкей ордасы аудандық ауруханасының дәрігерлері балаға стационарлық ем қабылдау керектігін айтқан. Алайда, бүлдіршіннің анасы одан бас тартып, ұлын үйінде емдеген. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.


«Антибиотиктен уланған деген пікір - қате пікір. Себебі ондай көп антибиотик балаға тағайындалмаған. Тек қана бір антибиотик алған, ол да оральды антибиотик, «оспомакс» деген жеңіл антибиотик алған. Паталог-анатомиялық қорытынды шықты, онда дәріден уланған деген ұйғарым жоқ», - деді Ғұбайдуллина.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасы ауданының тұрғыны Нұргүл Төлеуғалиева екі жасар баласы Алдияр Амангелдінің өліміне дәрігерлерді кінәлаған еді. Оның айтуынша, дәрігерлер баласын теріс емдеген. Қазір баланың өлу себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды.  

Соңғы жаңалықтар