БҚО-да 201 мыңнан астам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 201 505 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да 201 мыңнан астам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, өңірде 360 мың адам егілуі тиіс болса, бұл – соның 56 пайызы.

Соның ішінде 165 740-ы немесе 46 пайызы екінші компонентті қабылдады.

Аумақтық бөліністер бойынша Жәнібек ауданы алда келеді. Мұнда 8285 адамның 5830-і немесе 70,4 пайызы бірінші, 5058-і (61,1 пайызы) екінші компонентпен егілді. Сондай-ақ Тасқала, Қаратөбе, Бәйтерек аудандарында қарқын жаман емес. Шыңғырлау және Жаңақала аудандары көш соңында тұр.

Орал қаласында 215 461 адамның 106 611-і (49,5 пайызы) бірінші, 87 866-сы екінші компонентпен егілді.

Облыста тұрғындарды егу жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 340 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.