БҚО-да 334 мың тонна астық жиналды

ОРАЛ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл 370 мың гектардың егіні орылуға тиіс болса, соның 322 мың гектарынан 334 мың тонна астық жиналды.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бастығы Денис Омашевтің айтуынша, 19 қыркүйек күнгі дерек бойынша егіннің 84 пайызы орылса, әр гектардан 10,4 центнерден өнім алынуда. Бөрлі, Жәнібек, Қазталов аудандары науқанды аяқтаса, Шыңғырлау, Сырым, Тасқала, Орал қаласы төңірегіндегі шаруашылықтар мәреге жақындап қалды. Облыстағы ең астықты өңір Зеленовта егіннің 76, Теректіде 79 пайызы орылған. Өнімділік жөнінен де Зеленов ауданы алда, мұнда 12,3 центнерден келуде. Егін орағын бітіруге қыркүйек айында жиі жауған жаңбыр кедергі келтіріп отыр (жер кеппей, комбайнның алқапқа шыға алмайтыны тағы белгілі).

Соңғы жаңалықтар