БҚО-да 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртенді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 мамыр күні сағат 17.13-те Теректі ауданы аумағында болды.
Самара-Шымкент жолында Жаңаөмір ауылына бұрылар тұста 1983 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, ГАЗ-53 автокөлігі аударылып қалған.
Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртенді.
Зардап шеккендер жоқ.
«Тілсіз жау» сағат 18.10-да толықтай ауыздықталды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде екі үйде өрт болғанын жазған едік.


